Браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған инспектор қаза тапты

Браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған инспектор қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында браконерьлермен қақтығыста ауыр жарақат алған инспектор қайтыс болды.

Ақпаратты Ауылшаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі растап отыр.

Осыдан екі күн бұрын «Охотзоопромның» қос инспекторы заңсыз аң аулаушыларды ұстаймын деп олармен қақтығысып қалған. Кесірінен инспектор Петр Ницык түрлі жарақат алса, Ерлан Нұрғалиев басынан ауыр соққы алған. Астана қалалық №1 ауруханаға жеткізілген инспектор екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, бүгін көз жұмды.

Айта кетейік, марқұм Ерлан Нұрғалиев былтыр жазда арнамыздың тілшілерімен бірге «Қорғалжын» қорығындағы ақбөкендер популяциясы жайлы материал дайындауға қатысқан еді. Браконерлерге қарсы табандылық танытқан табиғат сақшысы арна тілшілерінің жадында жауапты әрі кәсіби маман ретінде есте қалды.




Новости партнеров