Салдарынан 43 жастағы әйел мен оның 16 жастағы қызы көз жұмды
Шымкентте жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі адамды көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Салдарынан 43 жастағы әйел мен оның 16 жастағы қызы тіл тартпай кетті. Қайғылы оқиға бүгін таңертең болған. Өңірлік Полиция департаментінің хабарлауынша, көлікті басқарған жүргізуші 24 жаста екен. Тергеу басталып кетті.