Көкшетаулықтарға жамбылдық құтқарушылар көмектесіп жатыр

31.03.2024 21:17

Көкшетау қаласының эвакуациялық пунктінде 29 адам бар, оның 11-і бала

gov.kz

Көкшетау қаласында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бір тәуліктің ішінде облыс орталығында 47 мың текше су сорылды. Бұл жұмыстарға Ақмола облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдардан мен Жамбыл облысы ТЖД барлығы 304 адам, 87 бірлік техника және 16 мотопомпа жұмылдырылған.

- Су тасқынына қарсы штаб құрылғаннан бері қолданыстағы 2 443 метр бөгет нығайтылып, 2 943 метр жаңа бөгет тұрғызылды. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласының эвакуациялық пунктінде 29 адам бар, оның 11-і бала, - деді ведомстводан.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысының тағы 14 ауданына қауіп төнді