4 бала эвакуацияланды
Алматы қаласында және Қарағанды облысында бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ сілтеме жасап.
«Жалпы ауданы 40 шаршы метр құраған өрт бесінші қабаттағы пәтердің балконына көшті. ТЖД күштерімен баспалдақ маршымен 20 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Бір сағаттан аз уақыт ішінде сөндірілді. Нәтижесінде, орташа ауыр жағдайында улы газдан уланған мас күйінде болған 1970 жылы туған пәтердің иесі ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі әлі де анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 32 адамы және Алматы қаласы ТЖД 10 бірлік техникасы жұмылдырылды», – делінген хабарламада.
Тұрмыстық өрттің тағы бір жағдайы Қарағанды облысында тіркелді.
Қарқаралы ауданының Айрық ауылының жеке тұрғын үйіндегі 60 ш.м. алаңда өрт болды. Өрт ТЖД Өртке қарсы қызметі келгенге дейін сөндірілді. Өрт орнында 1972 жылы туған жалдамалы жұмысшының мәйіті табылды.