Блок-бекетте зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы жақсарып келеді

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz
1994 жылы туған полиция қызметкеріне нейрохирург мамандар апаттан кейін бірден ота жасаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматыда блок-бекетте орын алған апаттан зардап шеккен үшінші полиция қызметкері Ербұлан Сейдәзімнің жағдайы жақсарып келеді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

1994 жылы туған полиция қызметкеріне нейрохирург мамандар апаттан кейін бірден ота жасаған. Қазіргі уақытта бейінді бөлімде ем алып жатқан Ербұлан Сейдәзім палатада өздігінен қозғала бастаған. Дәрігерлердің нұсқауымен арнайы емдеу курсын да өтіп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, мамырдың 25-і күні Көксай ауылында мас жүргізуші блок-бекеттегі бетондарды, артынша патрульдік көлікті соққан болатын. Салдарынан машинада отырған 42 жастағы полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев көз жұмып, әріптесі Дастан Әбдіқанов ауруханада жан тапсырған еді.


«Науқастың жалпы жағдайы тұрақты және жақсаруда.. Сұрақтарға жауап береді. Клиникалық-неврологиялық белгілері жақсаруда. Жалпы ауру белгілері бас ауыру және бас айналу түрінде сақталады. Қимыл жүйесінде неврологиялық ахаулар жоқ. Төсектен тұрып, жүруге рұқсат берілді», – деді Алматы қаласы №7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирург дәрігері Ерлан ТҮБЕЛБАЕВ.





Новости партнеров