|
29.08.2019 | 16:19
1542

Алматыда баланы жүк көлігі басып кетті

Жүргізуші баланы басып кеткенін байқамаған

Алматыда баланы жүк көлігі басып кетті

Алматыда ЗИЛ көлігі жол бойында велосипедтен құлаған баланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл оқиға бүгін сағат 11-де Алматы қаласы Алатау ауданы «Алғабас» ықшамауданында Мөңке би мен Бесарыс көшелерінің қиылысында болды. Жүк көлігінің астына түсіп кеткен 2010 жылы туған ұл бала көз жұмды», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД.

Куәгерлердің айтуынша, бала велосипедпен Мөңке би көшесіндегі тротуардың бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Жүк көлігі де осы  бағытқа бет алған. Бір кезде бала велосипедтен тура жолдың бойына құлап, жүк көлігінің дөңгелегінің астына түскен. Жүргізуші баланы басып кеткенін байқамаған.

«Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. ҚРҚК  345 бабының 3 бөлігі бойынша іс тиісті сараптамадан өтеді», - делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

көлік
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир