Пандемия басталып, елге оралуға мүмкіндік болмаған
Грузияда жоғалған Ильи Пилпаниге халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz Zakon.kz-ке сілтеме жсап.
Илья – Aлматы қаласының тұрғыны. Қыста әкесінің туыстарына Грузияның Сванета қалашығына қонаққа барған. Алайда пандемия басталып, елге оралуға мүмкіндік болмаған.
Илья 18 шілде күні велосипед тебуге шыққан. Сол күйі туыстарының үйіне оралмады. Соңғы рет оны Ленджери ауылында көрген.
Оның анасы Ксения Пилпани ұлының жоғалғанын ести сала сол жаққа аттанған. Оның айтуынша, елдің Ішкі істер министрлігі олардың Ильяны халықаралық іздеу жариялауға қатысты арызын қанағаттандырған. Ильяның ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ендігі күні оны Интерпол іздестіруде.