Қостанай облысында браконьерлер ұсталды
inform.kz
Қостанай облысында үш ақбөкенді заңсыз атып, мүйізін сатпақ болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысында үш ақбөкенді заңсыз атып, мүйізін сатпақ болған екі браконьер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Оқиға Жангелдин ауданына қарасты Сопылы елді мекенінде болған. Ұсталған екі браконьер Арқалық қаласы мен Амангелді ауданының тұрғындары болып шықты. Полицейлер күдіктілер мінген «Нива» автокөлігінен екі аңшы мылтығын, 133 оқ, 2 ақбөкен мүйізін алып шыққан.
«Көлік жүксалғышынан спорт сөмкесі мен егеу табылды. Полицейлер көлік ізімен жүріп отырып, 3 ақбөкен өлігін анықтады. Ақбөкен өліктері сараптамаға жіберілді. Күдіктілер қамауға алынып, ұялы телефондары тексеріліп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүруде», – деп мәлім етті Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33