Әл-Фараби даңғылының бойында көлік апатынан 3 адам қаза тапты

23.01.2023 21:21

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді

Из открытых источников

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойында көлік апаты болып, салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ресми ақпарға сүйенсек, шығыс бағытта келе жатқан Chevrolet көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол мезетте қарсы тараптағы үш көлікке соқтығысады. Апат болған аумаққа жеткен құтқарушылар көлік ішіндегі жігіттердің қысылып, шыға алмай қалғанын айтады.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet жүргізушісі мен оның 19 жастағы 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.