Қарағандыда көмір сақтайтын қойма өртенді
Almaty.tv
Қызыл жалын жалпы 220 шаршы метр жерді алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағандыда көмір сақтайтын қойма өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, өрт бүгін таңғы сағат 7:00-ге таяу болған. Ағаштан жасалған алты шаруашылық қора, 10 метр ағаш шарбақ пен қойма ішіндегі көмір жанып кеткен. Қызыл жалын жалпы 220 шаршы метр жерді алған. Отты сөндіруге 30-ға жуық адам мен 6 техника тартылып, жалын бір сағат ішінде өшіріліпті. Абырой болғанда зардап шеккен ешкім жоқ.
«Қарағанды қаласы Чайкина көшесі 160 үйдің алдында орналасқан алты қора жанды. Өртті сөндіруге 27 қызметкер және 6 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен ешкім жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», – деді қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Асхат Мақанов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34