Жол үстіне отырып шахмат ойнаған

07.12.2020 21:22

Тәртіп сақшылары жандарына келіп, мән-жайды түсіндіруін сұрайды.

Әл-Фараби даңғылының бойында екі ер адам жол үстіне отырып, шахмат ойнаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың бұл ойындарына жол бойында оңды-солды жүріп жатқан машиналар да кедергі келтірмегенге ұқсайды. 

Десе де екі мықтының ойыны көпке ұзамады. Тәртіп сақшылары жандарына келіп, мән-жайды түсіндіруін сұрайды. Полицейлердің айтуынша, олардың бұл әрекеті бір емес бес бірдей ережеге қайшы екен. 

Тәртіпсіздік жасағандарға әкімішілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.