Алматыда орталық көшелердің біріне шығып кеткен жылқылардың иесі жауапкершілікке тартылды

стоп-кадр
стоп-кадр
Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында мал жаю ережесін бұзу анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында мал жаю ережесін бұзу анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алаңдаушылық білдірген тұрғындар жылқылар Төле би даңғылы мен Шығыс айналма жолының қиылысындағы көпірде жүргенін хабарлады.

«Біздің бөлімшенің учаскелік инспекторлары шұғыл түрде мал иесін анықтады, ол – 1989 жылы туған Е.есімді ер адам. Оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 408-бабы – ауылшаруашылық малдарын жаю ережелерін бұзу бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Сонымен қатар, заң, ауылшаруашылық жануарларының иелеріне қайтымсыз болуы мүмкін жол апатының салдары және де басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оларды түнде қорада ұстауға және үй жануарларының жол бойында пайда болуына жол бермеуге міндеттейтінін ескертеміз», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Фархат Сбанбаев.

Новости партнеров