Алматыда 2300 адам карантинді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

06.05.2020 21:40

Жол кедергілерін айналып өтіп, қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша 441 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Ашық дереккөз/ открытые источники

Алматыда 2 мың 300 адам карантинді бұзып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сот шешімімен карантин енгізген сәттен бастап төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 2 244 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 605 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 1255 адамға айыппұл салынды, 514 адамға ескерту жасалды.

Өткен тәулік ішінде, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша 23 әкімшілік материал қаралды, оның ішінде әкімшілік қамауға алу – жеті, айыппұл – бес, ескерту – 11. Шектеу шаралары басталғаннан бері көшеде себепсіз жүргені үшін 1 мың 801 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 432 адам қамауға алынды, 931 айыппұл салынды, 438 адам ескерту алды.

Жол кедергілерін айналып өтіп, қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша 441 адам әкімшілік жауапқа тартылды, олардың 173 қамауға алынды, 194 айыппұл салынды, 74 адамға ескерту берілді.