Павлодарда спорт мектебінің төбесі опырылып түсті

Павлодарда спорт мектебінің төбесі опырылып түсті
Мекемеге былтыр әрлеу жұмысы жүргізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодардағы «Батыр» спорт мектебінің шатыры таңертең балалар жаттығу жасап жатқан кезде құлаған. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Ratel.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай бүгін таңертең сағат 10.00-дер шамасында болған. Облыстық туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, Катаев көшесі, 63/1а мекенжайы бойынша орналасқан «Батыр» бокс залының шатыры төбесімен бірге ортаға түскен.

«15 бала мен үш бапкер залдың басқа бұрышында жаттығып жүрген. Ортаға қарай беттегенде, ғимарат төбесі сықырлап жарыла бастаған. Балалар бапкерлермен бірге киімдерін алып дереу далаға шығып үлгерген. Санаулы секундттарда төбе опырып түскен», – дейді басқарма басшының орынбасары. 

Айта кетерлігі, бұл ғимарат бұрын қойма болыпты. Басқармаға 1984 жылы берілген екен. Мекемеге былтыр әрлеу жұмысы жүргізілген. Мектепте басқа құрылыс жұмыстары жүргізілмепті.

Қазір ғимараттың шатыры неден қирағанын арнайы комиссия анықтап жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Новости партнеров