Түркістан облысында 2 тұрғынның үйінен оқ-дәрілер мен қару табылды

inform.kz
inform.kz
Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында 2 бірдей тұрғынның үйінен заңсыз сақталған оқ-дәрілер мен қару табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жергілікті полиция басқармасының хабарлауынша, олар Созақ ауданы тұрғынының үйінен 8 дана оқ-дәрі, 2 тир мылтығын, аңшы мылтықтары тәркілеген. Осынша қару жарақты қайдан және не мақсатта алғандары белгісіз. Тергеу жұмыстары басталды. Айта кеткен жөн өңірде Криминалдық полиция басқармасының мамандары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

«Ұсталғандардың бірінің үйінен автомат калашников қаруы және бірнеше оқ-дәрілер тәркіленді. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 287-баптың 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Бауыржан Қуатов.

Новости партнеров