Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ұсталды

11.08.2020 21:29

Оның заңсыз әрекеттері әлеуметтік желілерді бақылау барысында анықталды

polisia.kz

Алматыда жолаушылар көп жүретін жерде дрифтинг жасаған “BMW” жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның заңсыз әрекеттері әлеуметтік желілерді бақылау барысында анықталды. Дереу тексеру ұйымдастырылды.

«Құқық бұзушы ұсталды. Бұл – 1994 жылы туған азамат. Ол біздің бөлімге жеткізілді, онда бірден екі бап бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды: ҚР ӘҚбК-нің 596-бабы 2-бөлімі және 590-бабы 7-бөлімі. Бұл көліктің заңсыз түрлендірілгені, тікелей ағынды өшіргіш орнатылғандығы белгілі болды. І.мырза толығымен өз кінәсімен келісті, ол көңілді көтеру үшін дрифтинг жасағанын айтты. Сонымен қатар, онымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, жол ережесін қатаң сақтауды, басқа жол пайдаланушыларға қауіп төндірмеуді талап еттік», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.