Алматы полициясы: массаж салондары карантин кезінде жұмыс істеген

11.08.2020 21:46

Белгілі болғандай, мекеме қызметкерлері мен қонақтары карантинге мән бермейді

polisia.kz

Алматыда екі массаж салоны карантинді елемей жұмыс істеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл салондар түнде анықталды. Белгілі болғандай, мекеме қызметкерлері мен қонақтары карантинге мән бермейді. 

«Жедел басқару бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ аудандық әкімдіктер, ҚДББТУ және учаскелік полиция инспекторлары арасынан арнайы мониторингтік топтар карантин нормаларының бұзылуын анықтауға бағытталған рейдтер жүргізуді жалғастыруда. Медеу ауданы аймағында 19 жастан асқан қыздар клиенттерге интимдік қызмет көрсететін массаж салоны анықталды. Олар карантин кезінде тыйым салынғанына қарамастан, түнде жұмыс істеді. 16 әйел адам мен салон әкімшілері шара қолдану үшін аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Материалдар ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес жиналды және әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аумақтық УККБТУ қызметкерлеріне тапсырылды. Жезөкшелікпен айналысуға орын берген массаж салонының иелеріне қатысты бөлек сот ісі жүргізілді», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Сонымен қатар, полиция бір тәулік ішінде карантиндік шараларды бұзудың 153 фактісі анықталып, аудандық СЭС-қа тапсырылғанын хабарлады. Жалпы, бірлескен бақылау топтары қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2 мың 271 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 мың 203 жеке тұлға, 68 заңды тұлға.