|
Jol
04.10.2020 | 16:29
2719

Түркістан облысында қатыгез әке 3 баласын аяусыз ұрып-соғып келген

Полицейлер күдікті азаматтың заңды түрде жауапқа тартылатынын мәлімдеді

Түркістан облысында қатыгез әке 3 баласын аяусыз ұрып-соғып келген Видеодан скриншот

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында үш баласын аяусыз ұрып-соққаны әкенің видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, журналист Жазира Бегалы өзінің facebook-тегі парақшасында әлдебір еркектің балаларын аяусыз ұрып соққаны туралы видоны жариялап, тиісті органдардан көмек сұраған болатын.

Бұл бейнежазбаға орай Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі ресми жауап жіберді.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбасын анықтады. Тексеру барысында оқиғаның Қазығұрт ауданында болғаны айқындалды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 110-бабы бойынша тіркеді. Күдікті азамат заңды түрде жауапқа тартылатын болады. Сонымен қатар, аудандық учаскелік полиция инспекторына қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта аталған жайттың толық мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир