|
Jol
15.07.2024 | 16:32
552

Алмалы ауданында бірнеше көше жабылады

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз

Алмалы ауданында бірнеше көше жабылады elements.envato.com

Алматыда жылу желілерінде жөндеу жұмысы кезінде бірнеше көшеде жол жүру шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алмалы ауданында бірнеше көшеде автокөлік қозғалысына шектеулер енгізіледі:

- 16 шілдеде сағат 9.00-ден 17 шілде сағат 19:00-ге дейін Қарасай батыр көшесі бойымен А.Шәріпов көшесінен Қожамқұлов көшесіне дейін қозғалыс жабылады;

17 шілдеде сағат 9:00-ден 18 шілдеде сағат 16:00-ге дейін Наурызбай батыр көшесімен Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін бір жолақпен қозғалыс шектеледі. Қалған үш жолақ бойынша жол ашық болады.  

Алдағы жылыту маусымына жылумен жабдықтау желілерін дайындауға бағытталған іс-шаралар шеңберінде магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмысын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz, @AlmatyJoly Telegram-арнасы мен сайтта орналастырылған, сондай-ақ аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, "2GIS" пен "Яндекс карталар" сервистерінде бар.

Кешірім сұрай отырып, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир