|
16.01.2019 | 16:33
2471

Денис Теннің өліміне күдіктілер сотта соңғы сөзін айтты

Денис Теннің өліміне күдіктілер сотта соңғы сөзін айтты

Денис Тен өліміне күдіктілер сотта соңғы сөзін айтты. Үш күдікті де ісіне өкінетінін айтып, Оксана Тен мен қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сотта бірінші болып Жанар Толыбаева соңғы сөзін айтты.

«Мен Денистің анасынан тағы да кешірім сұраймын. Бұл орны толмас өкініш. Бұған дейінгі айтқан ойымда қаламын. Ана ретінде Оксана Тенді жақсы түсінемін. Бірақ менің де жағдайыма қарауды сұраймын. Бір емес, екі баламды ескерсеңіздер. Сот әділ шешім шығарады деп ойлаймын», – деді Толыбаева.

Екінші болып сөз алған Қиясов барша халықтан кешірім сұрай отыра, әділ жаза беруін өтінді.

«Мен барша Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Бұл тапсырыс бойынша, ақша үшін болған жағдай емес. Ата-анам менен ақша алған емес. Олардың өз дүниесі өздерінікі. Мені жаман жолға түссін деп ешқашан ойламаған. Мен ауыр қылмыс жасадым деп ойламаймын. Адам өлтіреміз деп ойлаған жоқпыз. Бірақ Денистің қаза болуына себепші болып отырмыз. Ол үшін қатты өкінемін. Денистің анасынан сол үшін кешірім сұраймын. Адвокатымның сөзіне қосыламын. Сотта әділ жаза сұраймын», – деді Қиясов.

Ал, күдікті Құдайбергенов орыс тілінде жауап беуге рұқсат сұрады.

«Мен де барлығынан кешірім өтінем. Осындай жағдайға тап келемін, адам өліміне себепші боламын деп ойлаған емеспін. Ісіме өкінемін. Анасының Денисті бала кезінен шыңдап, осындай жетістікке жеткізгісі келгенін білемін. Қазақстанның мақтанышынан айрылғанымыз үшін өкінемін. Аспанға ең керемет періште кетті. Бар ісіме өкініп, кешірім өтінемін», – деді ол.

Айта кетсек, бүгін өтіп жатқан сот жарыс сөзінде мемлекеттік айыптаушы аталған іс бойынша өтіп жатқан Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Жанар Толыбаеваға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрап отыр.

Сурет: Tengrinews.kz


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир