|
15.09.2020 | 16:38
792

Атышулы «Гарант 24» және «ESTATE» ломбард иелерінен құны 2 миллиард теңгеден астам мүлік тәркіленді

Келтірген шығынның жалпы көлемі 22 млрд теңге

Атышулы «Гарант 24» және «ESTATE» ломбард иелерінен құны 2 миллиард теңгеден астам мүлік тәркіленді © instagram/garant_24

Атышулы «Гарант 24» және «ESTATE» ломбард иелерінен құны 2 миллиард теңгеден астам мүлік тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өткізген онлайн кездесуде  айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал, олар келтірген шығынның жалпы көлемі 22 млрд теңге. Айта өтейік, министрлікте жыл басынан бері қаржы пирамидаларына қатысты 217 қылмыстық іс қозғалып, оның 116-сы сотқа дейін жеткен.

«Гарант 24 Ломбард», «ESTATE Ломбард» және «Выгодный займ» жауапкерлігі шектеулі серіктестіктерінің үстінен 17 мыңнан астам азаматтан шағым келіп түскен. Әзірге анықталған шығын сомасы 22 млрд теңге болып отыр. Аталған мекемелердің басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс тіркелді, ал 51 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Тек соңғы тәулікте елімізде 2 мың 400-ге жуық қылмыстың  беті ашылған. Министрліктің мәліметінше, олардың ішінде ұрлық жасау деректері көш бастап тұр.

«Өткен апта бойынша жалпы 3 596 қылмыстық іс пен құқықбұзушылық фактісі тіркелді. Одан бөлек, соңғы тәулікте  2 388 қылмыстық іс ашылды. Егер өңірлер арасындағы көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, қылмыстардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында, Алматы мен Шымкентте тіркелген. Ал, ең сирек қылмыс жасалатын аймақтар Қызылорда және Маңғыстау облыстары», – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир