Оралда балық аулауға кеткен ер адамның денесі табылды
Марқұм қалаға қарасты Круглоозерный кенті тұсында Жайық өзеніне батып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оралда балық аулауға кеткен тұрғынның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметіне қарағанда, 1961 жылғы азаматтың денесін құтқарушылар бүгін сағат 12.40-та судан шығарды. Марқұм қалаға қарасты Круглоозерный кенті тұсында Жайық өзеніне батып кеткен.
Оның денесін шығаруға жедел құтқару жасағынан 5 қызметкер 1 техника, 1 жүзу құралымен қатысты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 16 маусым күні балық аулауға кеткен тұрғынның табылмай жатқанын жазған болатынбыз. Биыл осымен өңірде 15 адам суға кетсе, соның үшеуі - балалар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51