Алматыда Қажымұқан көшесімен жүруге уақытша шектеу қойылады

elements.envato.com
elements.envato.com
Аталған көше бойынша екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2023 жылы жоғарыда аталған учаскеде жаңғырту жұмыстарын жүргізген «АСКАДИ» ЖШС мердігерінің кепілдік міндеттемесі шеңберінде асфальт-бетон жабынында анықталған ақауларды жою мақсатында уақытша шектеу енгізілуде. Бұл жұмыс мердігердің өз қаражаты есебінен жүргізілетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қажымұқан көшесінің бойымен Госпитальная көшесінен Достық даңғылына дейін 2024 жылғы 27 маусымда сағат 09.00-ден 1 шілдедегі 08.00-ге дейін автокөлік құралдарының қозғалысы жабылады.

Аталған көше бойынша екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

Еске сала кетейік, мердігер «АСКАДИ» ЖШС 2023 жылы 25 жылдан астам жыл қызмет етуімен өзінің нормативтік қызмет ету мерзімін өтеген, ұзындығы 617 метр құбырды жаңғыртқан болатын.    

Құбыр 86 көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарын, 6 мектеп, 4 балабақша, 14 денсаулық сақтау объектісін және басқа 15 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Жаңғырту осы учаскеде жылу шығынының, тозудың және апатты жағдай туындауы ықтималдығының деңгейін азайтуға мүмкіндік берді.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда енді №211 автобус бағыты күн сайын қатынайтын болады

Новости партнеров