Алматыда кардиологиялық орталықтың аумағындағы ғимарат өртеніп, бір адам қаза тапты

стоп-кадр
стоп-кадр
Төтенше жағдайлар департаментінің 42 қызметкері мен 14 техника жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өртке оранған кардиологиялық орталыққа қатысты іске тәртіп сақшылары кірісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін криминалистер адам өліміне алып келген қызыл жалынның себебін анықтап жатыр. Айта кетейік, төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, ғимараттағы жарылыс кезінде техник маман жұмыс орнында болған. Оның денесі жарылған баллонның жанынан табылды. Қаза тапқан адамның 32 жастағы ер азамат екені анықталды.  

«Аталмыш дерек Бостандық аудандық полиция басқармасында тергелуде. Өндіріс аясында тиісті сараптамалар тағайындалатын болады. Солардың нәтижесінде өрттің толық мән-жайы және себеп-салдары анықталатын болады», – деді  Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, сенбі күні түскі сағат үш шамасында Алматы қаласындағы кардиология орталығының маңындағы ғимарат өртенді. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт 280 шаршы метрді шарпыған. Қызыл жалынды ауыздықтауға 42 өрт сөндіруші мен 14 техника жұмылдырылды. Мамандардың хабарлауынша, ғимараттың артқы жағында орналасқан оттегі құятын стансада жарылыс болған. Соның салдарынан ғимараттың шатыры ішіне құлаған.

Новости партнеров