Екі адам түрлі дене жарақатын алған
Алматы облысында көлік апатынан бір адам көз жұмып, тағы екі адам түрлі дене жарақатын алды. Оқиға «Алматы-Өскемен» тас жолының 151 шақырымында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жол-көлік апатын Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Тамыздың 4-і күні Мазда және Хово маркалы соқтығысқан. Салдарынан бір адам мерт болып, екі адам түрлі дене жарақатын алды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігімен сот алды тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған», - деп мәлемдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шілде айында өңірі автожолдарында көлік апаты салдарынан 50-ге жуық адам көз жұмған.
Сол себепті тәртіп сақшылары күннің аптап ыстығында жүргізушілерге барынша абай болуды ескертеді. Ал көлік апаттарының басты себептері-жолдың қарсы бетіне шығып кету, жылдамдықты шектен тыс асыру.