Алматы қаласының полиция қызметкерлері төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп тұрған моншаны анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Біздің қызметкерлер келген кезде ғимаратта адам көп болған. Ол жерде монша қызметкерлері - әкімші, қызмет көрсетушілер мен жезөкшелер жұмыс істеген. Сонымен қатар, жезөкшелердің жүргізушілері де жұмыста болған», - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
Сол уақытта монша клиенттерге бес жеңіл жүрісті қыз келген.
«Олар монша кабинкаларында уақыт өткізген. Одан бөлек, санитарлық-гигиеналық шаралар сақталмаған», - деді Берік Әбілбеков.
Моншы әкімшісі болып істейтін 1990 жылғы А. есімді азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, төтенше жағдай режимін бұзған бес жезөкше, екі жүргізуші мен монша клиенттері жазаланды.