Алматы облысында көшеде көкпар ұйымдастырғандар ұсталды

25.07.2022 21:42

Көкпар ойыны қыстақтан басталып, қаланың көшесінде жалғасып кеткен

Фото: ашық дереккөзден

24 шілде күні Алматы облысының Талғар қаласында көшеде көкпар тартқандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«50 жастағы Кеңдала ауылының тұрғыны өзінің туған күніне орай көкпар ұйымдастырған. Бірақ шара әкімдікпен келісілмеген. Көкпар ойыны қыстақтан басталып, қаланың көшесінде жалғасып кеткен. Көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғандардың барлығы анықталды. 10 адам ұсталып, ҚР Әкімшілік кодекстің 434, 593 және 614-баптары бойынша жауапкершілікке тартылды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.