Әскери ұшақ Минскіден 40 қазақстандықты елге жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Рейс барысында ұшып келгендерді дәрігерлер бақылаған. Енді олар медициналық тексеруден өткізіледі. Отанына оралғандар өздерін жақсы сезінеді. Коронавирус симптомдары жоқ, делінген хабарламада. Ал, Денсаулық сақтау министрі өткен тәулікте Шымкентте коронавирус жұқтырған 23 науқастың жағдайы туралы мәлімдеді. Дертке шалдыққандардың он алтысы - төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері.
«Қалған науқастар олар емделіп жатыр. Изоляциядағы карантинде жатқан азаматтар бар. Қазіргі күнде 1386 адам емделуде. Олардың арасында 100 бала жалпы жағдайлар бойынша, орташа жағдай бойынша 258, нашар жағдай бойынша 32, қалған 1 096 адамның жағдайы бір қалыпты», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.