Екібастұздың әлеуметтік нысандарындағы адамдар Павлодарға жеткізіледі

27.11.2022 21:42

Әкім әлеуметтік нысандарды аралап шықты

zakon.kz

Жергілікті билік адамдарды тасымалдау үшін автобустарды дайын ұстап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұздағы жылу желілеріне қатысты сағат 14:30-дағы жағдай бойынша есеп берді.

Әкім әлеуметтік нысандарды аралап шықты. Жергілікті билік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығындағыларды Павлодарға көшіру туралы шешім қабылдады.

"Ауруханалар бойынша, әзірге біз автобустарды дайын ұстап отырмыз, тасымалдау қажеттігі туындап жатқан жағдайда ғана жібереміз. Жақын арада штаб отырысын өткіземіз". - деді Әбілқайыр Сқақов.

2022 жылы 27 қарашада ЖЭО-да сағат 01.30-да жылу желілеріндегі ақауларға байланысты Екібастұз қаласы жылусыз қалды. Облыс әкімі таңертең оқиға орнына келіп, арнайы штаб құрды. Ақауларды жөндеу жұмыстарына 20 шақты бригада жұмылдырылып жатыр.