Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді

elements.envato.com
elements.envato.com
Шымкент пен Тараз қалаларында сезімталдық 2 балды құрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның оңтүстігінде 2024 жылдың 11 қаңтарында тұрғындар жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі  "СОМЭ" ЖШС- ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 15 сағат 20 минут 32 секундта (Алматы уақытымен) жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 856 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Шымкент пен Тараз қалаларында сезімталдық 2 балды құрады.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Ауғанстанның солтүстік-шығысында магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 12 мыңға жуық адам тұратын Джурм ауылынан оңтүстікке қарай 41 шақырым жерде орналасқан. Қайнар көзі 188 км тереңдікте жатыр. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Жер сілкінісі Пәкістанның солтүстік-шығысында да болды, жер асты дүмпулері елдің бірқатар ірі қалаларында да сезілді.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

Новости партнеров