Нұр-Сұлтанда құлаған көпір апаттық жағдайда болған

Almaty.tv
Almaty.tv
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда құлаған көпір апаттық жағдайда болған.  Айта кетейік, кеше елордада Алаш шоссесіндегі көпірдің бөлшегі теміржол рельстеріне опырылып түскен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бөгенбай даңғылы бойындағы теміржол арқылы өтетін көпірге 2019 жылы визуалдық және техникалық зерттеулер жүргізілді. Объект табылған ақаулармен апаттық болып танылып, 19 қаңтардан бастап көпір бойынша көлік қозғалысы шектелді. 20 қыркүйек сағат түнгі 01.00-ден бастап кестеге сәйкес көпірді демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар түнде апаттық жағдайдың алдын алу үшін поезд жүрмейтін уақытта және кестеге сәйкес жүргізілді. Түнгі сағат 03.00-де демонтаж жасалып жатқан арқалық сынық құлады. Бұл демонтаж жұмыстарын жүргізу барысындағы қалыпты жағдай. Демонтаж жұмыстары барысында ешкім зардап шеккен жоқ», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бөлім басшысы Гүлден Нүсіпова.

Новости партнеров