Алаяқтарға абайсызда алданғандар: зейнеткердің шығыны қайтарылды

23.08.2023 21:44

Алматы полициясы ұрланған ақшаны қайтарып берді

Zakon.kz

Ғаламтор желісінде кең таралған тәсілді қолданған күдікті Алматы қаласы Алмалы ауданының 70 жастағы тұрғынын сан соқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Кең таралған тізбек бойынша күдікті 70 жастағы әжейге түн ортасында қоңырау шалып, телефон тұтқасының ар жағында тұрып, қатты жылаған.

- Дауысы менің үлкен қызымның даусына ұқсас болды. Мен жүкті әйелмен жол-көлік апатына ұшырадым, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Баласынан айырылды. Мен жолдың өтуге рұқсат етілмеген жерінен өттім, ол мені қағып кетпес үшін бұрылды. Осындай сөздерді естіп, абдырап қалдым, ештеңе ойлауға мұршам болмады. Қыздарыма да қоңырау шалмадым. Сосын менімен сөйлесіп тұрған адам апаттан әйелдің қабырғалары сынып, өкпесі зақымданған  дереу ота жасау керек екенін және ата-анасы 5 миллион теңге берсе, арызын қайтып алуға дайын деген сөздерді айтты, - дейді зейнеткер.

Естігеніне есеңгіреп қалған әйел екі миллион ғана жинағы бар екенін айтқан.

-Мен ақшаны орап пакетке салдым. Ақшаны алып кетуге адам келді. Мен оған қызымның заттары, басқа ештеңе жоқ дедім. Бұл алаяқтарды «ізін суытпай» ұстады. Маған 2 миллион теңгені қайтарып берді. Ақшаны кері қайтарған кезде сенбедім, тіпті байламды ашқым да келмеді. Бір жарым сағаттан соң полицейлер күдіктіні ұстады, – деді алматылық зейнеткер.

Киберполдың мәліметінше, ғаламтордағы алаяқтыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Кондитерлік өнімнің орнына тірі жәндіктер: Италиядан жеткізілген заңсыз өнімге тосқауыл қойылды