Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр
Құрылыс жұмысы кезінде жауапкершілігі серіктестіктердің біреуінің жұмысшысы мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«22 қазан күні, сағат 9.20 шамасында Баянауыл ауданы, Майқайың ауылындағы құрылыс нысанында жұмыс істеп жатқан ЖШС-нің бірінің монтаждаушысының үстіне тақтай құлап кеткен. Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында қаза тапты», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр.