Петропавлда жүргіншілер өткелінде ана мен баланы көлік қағып кетті

03.04.2024 21:45

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

elements.envato.com

Жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті, деп хбарлайды Almaty.tv.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін болған. Назарбаев көшесін жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өтпек болған 30 жастағы әйел мен 6 жасар баланы көлік қағып кетті. Ана мен бала медициналық мекемеге жеткізілді.

Nissan Cefiro автокөлігін Петропавлдың 36 жастағы тұрғыны басқарған. Медициналық куәландыру барысында ер адамның спирттік ішімдік ішпегені расталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жиналып жатыр.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында полиция көлік жүргізушісінен 1 келіден астам есірткі тапты