Түркістан облысында полиция көлік жүргізушісінен 1 келіден астам есірткі тапты

polisia.kz
polisia.kz
Жедел тергеу тобын шақырып, тиісті тінту шаралары жүргізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында полиция көлік жүргізушісінен 1 келіден астам есірткі тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Кентау қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полицей қызмет атқару кезінде тоқтатылған Audi А6 автокөлігінің алдыңғы орындығынан есірткіге ұқсас зат салынған күмәнді пакетті анықтайды. Бірден жедел тергеу тобын шақырып, тиісті тінту шаралары жүргізілді.

Тәртіп сақшылары тінту барысында көліктен 20 полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті, өткір иісті есірткіге ұқсас затты анықтады. Одан әрі күдікті жүргізушінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде сарайдың ішінен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді. Тағайындалған сараптама ұсынылған өсімдіктің жалпы салмағы 1 келіден астам кептірілген марихуана екенін растады. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікке ілінген жүргізуші, яғни орта жастағы жұмыссыз кентаулық ер адам қамауға алынды.

Оқи отырыңыз: СҚО полицейлері интернет-алаяқтық туралы ақпарат берудің жаңа тәсілін қолдануды бастады


Новости партнеров