|
28.05.2021 | 16:45
8472

ТЖД: Табылған 3 жігіт достарынан қалып қойған

Өзге төрт жігітті іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

ТЖД: Табылған 3 жігіт достарынан қалып қойған h-news.kz

Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған 7 жігіттің үшеуінің табылуына байланысты Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Темірханұлы шұғыл брифинг өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі h-news.kz-ге сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес табылған 3 жігіттің жағдайлары бірқалыпты. Олар Бағдат Төлеу (Ақтөбе), Диас Төлегенов (Орал), Саят Оскенов (Жезқазған). Қазіргі таңда медициналық, психологиялық тексеруден өтуде.

Табылған жігіттердің айтуынша, 25 мамыр күні достарының бірі сырқаттанып қалған. Оның қасына 2 жігіт көмектесуге бекінген. Қалған төртеуі жолды әрі қарай жалғастырып, ауа-райы нашарлығынан бір-бірінен адасып қалған. Достарының айтуынша, олар Сайрам-Өгем шатқалының төмен жағына қарай кеткен.

Өзге төрт жігітті іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир