Алматыдағы жертөледе компьютерлік клуб жұмыс істеп тұрған

31.07.2020 21:47

Кәсіп иесіне 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды

polisia.kz

Ойын мекемесін Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясы бірқатар нысандар әкімшілігінің карантин нормаларын сақтауын бақылауға бағытталған рейдтер кезінде “Ақсай-1” ықшамауданында анықтаған, – деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, қала жағдайында Әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлері арасында шектеулі шаралардың сақталуын қадағалайтын және бақылайтын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын анықтайтын арнайы мобильді топтар бар.

"Көзге бірінші түскен нәрсе терезесі жоқ бөлме, ол желдетілмейді дегенді білдіреді. Ал, бұл уақытты компьютерлік ойындар ойнаумен өткізетін адамдар үшін қауіпсіз емес. Мекеме иесіне қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды, ол өз құзыретіне сәйкес кейіннен ДКБТУ-дың аудандық бөліміне берілді. Бұл дегеніміз, 230 АЕК көлемінде айыппұл, қазіргі уақытта 638 мың теңгеден асады", – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.