Ойыннан өрт шықты: қорғанысқа арналған баллоннан 7 оқушы зардап шекті

perm.dixinews.ru
perm.dixinews.ru
Оларға полицейлер әкімшілік кодекстің 127-бабы бойынша іс қозғады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы мектептердің бірінде шашылған қорғанысқа арналған бұрышты баллоннан 7 оқушы зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Белгілі болғандай, үзіліс кезінде 9 сыныптың қос оқушысы әжетханаға уытты сеуіп, өздері шығып кеткен. Кейін өткір иіс дәлізге жайылып, мектеп ішіндегілерді эвакуациялауға тура келген. Балаларға көмек дер кезінде көрсетіліп, осы іске қатысы бар 3 оқушының ата-анасы шақыртылды. Оларға полицейлер әкімшілік кодекстің 127-бабы бойынша іс қозғады. Ұстаздар оқушылардың бұрышты баллонды сырттан тауып, қызық үшін шашқанын айтқан.

«Әжетханаға 10 сыныптың оқушысы кіреді. Жөтеліп, мұрнын жауып шығады. Шыққан соң бірден бізге хабарлайды. Мектептің камерасынан қарап, терезенің барлығын аштық.Балаларды далаға шығардық. Сабақта отырған баланың сөмкесінде жақсылап жасырған екен. Көрсетпейтіндей етіп. Сол жерден тауып алдық», – деді №96 ЖББ мектеп директорының орынбасары Гүлжан Сламқұлова

Ұстаздар 7 баланың медициналық көмекке жүгінгенін айтады. Оның төртеуі үйіне қайтарылса, үшеуі бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болады. Қазір оқушылардың жағдайы қалыпты. Барлық ем-шараларды алып жатыр.

«Балалардың тыныс алуы қиындай түскен. Оны уалану белгісіне жатқызамыз. Олар шошынып қалған. Улану белгілерін бірден байқап, ауруханаға балаларды тез жеткізген. Көмектің уақытылы дұрыс көрсетілуіне байланысты олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», – деді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бөлім меңгерушісі Құрметбек Тохтар.

Новости партнеров