|
17.06.2021 | 16:48
3697

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында шыққан өрттің себебі анықталып жатыр

Оқиғадан 1 сағат өткен соң кәсіпорын жұмысын ары қарай жалғастырған

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында шыққан өрттің себебі анықталып жатыр Almaty.tv

Маңғыстау облысындағы Газ өңдеу зауытында шыққан өрттің себептері әлі анықталып жатыр. Ол туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекболат Әбдіқадыров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

16 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 22:15-те Жаңаөзен қаласында орналасқан «Қазақ газ өңдеу зауыты» мекемесінің компрессорлық цехының ауа тоңазытқышында алапат өрт шыққан. Қызыл жалынның таралуын және қайта тұтануын болдырмау мақсатында газ беру тоқтатылып, қондырғыны толығымен апаттық жағдайда тоқтату режиміне ауысқан. Оқиғадан кейін 1 сағат өткен соң кәсіпорын жұмысын ары қарай жалғастырған. Қазіргі уақытта себеп-салдарын анықтау үшін жедел штаб құрылды.

«Өрт болған жердің көлемі шамамен 980 шаршы метр. Зардап шекккендер жоқ. 23 сағат 02 минутта өрт оқушауланды. Өрт сөндіруге Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 35 қызметкер және 6 дана техника, аудандық Ішкі істер бөлімінен 6 қызметкер және 3 дана техника, мемлекеттік емес өрт сөндіру мекемесінен 16 қызметкер және 4 дана техника жұмылдырылды», − деді Облыстық ТЖД Басшысының міндетін атқарушы Бекболат Әбдіқадыров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир