Елордалық тұрғын 10 млн теңгесінен неге айрылып қалды

26.10.2023 21:49

Тергеу жұмысы жүргізілуде

Сурет: polisia.kz

Елордада инвестицияға 10 млн теңге салған азамат алаяқтың құрбаны болды, – деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы аудандық полиция басқармасына елордалық тұрғыннан арыз түсті. Ол полицияға алаяқтықтың құрбаны болғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, ол таңертең сауда үйінің автотұрағында таныс әйелге 10 млн теңге берген. Белгілі болғандай таныс әйел өзін желілік маркетинг бойынша кеңесші ретінде көрсете отырып, кейіннен жоғары пайда түсетініне сендіріп, ақшаны инвестициялауға көндірген. Астана тұрғыны жоғары төлемдерді күтпестен, сенімсіз болып, полицияға жүгінуге мәжбүр болған. 

Жедел іздестіру шаралары барысында жедел уәкілдер алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 38 жастағы әйелді анықтаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған азаматша алған ақшасын ысырап етіп, керегіне жұмсап үлгергені де белгілі болған. Ол қылмыс жасағанын мойындап, оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас фактілерге қатыстылығы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Түркістан тұрғыны мемлекеттік грант аламын деп алаяққа тап болды