Құбырды жаңарту жұмыстарды жүргізіледі
2024 жылғы 2 тамыздағы сағат 23:00-ден 5 тамыздағы сағат 08:00-ге дейін Алматы қаласының Әуезов ауданында Абай даңғылы бойымен Сайын көшесінен батыс бағытта «Qazaq Oil» жанармай құю бекетіне дейін көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не сілтеме жасап.
Абай даңғылының оңтүстік жағы бойымен екі жақты көлік қозғалысы ұйымдастырылады.
Уақытша шектеулер 1991 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан, жалпы ұзындығы 1838 метр болатын, көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.
Бұл құбыр 406 көппәтерлі тұрғын үйді, 105 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 1 денсаулық сақтау нысанын және 6 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС
Оқи отырыңыз: Алматыдағы Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығында көлік қозғалысы шектеледі