Атырау облысында жолаушылар автобусы суға түсіп кетті

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Жол-көлік оқиғасы 4 мамырда сағат 11:00 шамасында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында жолаушылар автобусы жол жиегіндегі суға түсіп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 4 мамырда сағат 11:00 шамасында болған. Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 

«Маңғыстау облысының Бейнеу ауылынан Атырауға келе жатқан жолаушылар автобусы республикалық маңызы бар «Атырау-Доссор-Құлсары-Бейнеу» жолының 109-шақырымында күре жолдан шығып кетті. Автобусты 1984 жылы туған ер адам басқарған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Бұл автобустың жолдан шығып кетуіне себеп болды. Сөйтіп, автобус жол жиегіндегі суға түсіп кеткен», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. 

Сол кезде автобустың салонында 10 жолаушы болған. Жолаушылар дін-аман.

Новости партнеров