17 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті
Үржар ауданында, Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде қатты желдің салдарынан коммерциялық жолаушылар автобусының 31 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция автобустың Қабанбай батыр ауылынан Алматыға бағыт алғанын хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам ауруханаға түсті. Қазір автобусты жырадан шығару жағы қарастырылып жатыр.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Оқи отырыңыз: Балқаштағы мұз үстінде қалған балықшылар құтқарылды