Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік өртенді
МЧС Казахстана
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының бес адамы мен бір техникасы жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт 27 шілдеде сағат 14:45-те Керей-Жәнібек хандар мен Түркістан көшелерінің қиылысында орын алған.
«Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер автобустың қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатқанын анықтады. Өрт сағат 14:58-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.
Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының бес адамы мен бір техникасы жұмылдырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41