Қызылордада жылқы ұрлаған 38 жастағы ер адам ұсталды
polisia.kz
Жедел-іздестіру шаралары барысында ізін суытпай полиция қызметкерлері 38 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынын анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қызылордалық полицейлер жылқы ұрлаған қаскөйді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
23 сәуір күні Жалағаш аудандық полиция бөліміне Аққұм ауылының тұрғынынан қорасында тұрған бір жылқысының ұрланғандығы туралы шағым түскен. Жедел-іздестіру шаралары барысында ізін суытпай полиция қызметкерлері 38 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынын анықтады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның басқа да мал ұрлығы дерегіне қатыстылығы тексерілуде. Ұрланған жылқы иесіне қайтарылды. Аталмыш дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31