Масанчи көшесіндегі аумаққа орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
6 шілдеде сағат 23.00-ден 8 шілде таңғы 6.00-ге дейін Төле би көшесінен Абай даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Құрманғазы, Шевченко, Жамбыл, Қарасай батыр және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы қозғалыс 7 шілдеде таңғы сағат 6.00-ден бастап ашылады.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz, сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталары» сервистерінде жарияланған.
Оқи отырыңыз: Ескі құбырды ауыстыру үшін Тоқтабаев көшесіндегі қозғалыс шектеледі