Түркістан облысында 4 жасар қыз Арыс өзеніне құлап кетті
ашық дереккөзден
Қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысында 4 жасар қыз Арыс өзеніне құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке cілтеме жасап.
Түркістан облысының полицейлері жоғалған қызды іздеуге жұмылдырылды.
«17 наурыз күні үш кәмелет жасына толмаған туыс кішкентай қыздар Еңбек ауылының маңында ағып жатқан Арыс өзеніне барған. Алдын ала болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлаған. Ал судың ағыны оны алып кеткен. Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
07.10.2026 20:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қазақстанда ет өнімдерінің құрамын анықтайтын ПТР-тест әзірленді
07.10.2026 12:52
Қазақстанда балаға берілетін әлеуметтік төлемдер өзгеруі мүмкін бе
07.10.2026 09:54