Алматы тұрғыны түрмедегі досына есірткіні аяқ киіміне салып өткізбек болған

03.04.2020 21:56

Бұл факт тексеру барысында анықталды: аяқ киімнің астынғы жағынан өсімдік тектес көгілдір пакет табылды

polisia.kz

Аяқ киіміне есірткі жасырған Алматы тұрғыны түрмедегі досына өзімен бірге алып өтпек болған жерінде қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны есірткіні кроссовка ішіне жасырған.

“Осыдан бір күн бұрын ЛА-155/8 ғимаратында біздің бөлім қызметкерлері Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті әріптестерінің белсенді көмегімен, азық-түлік пен қажетті заттарды қамауға алынған досына тапсырамын деп, бірақ өзі есірткі бермекші болған 1983 жылы туған С. есімді азаматты ұстады. Бұл факт тексеру барысында анықталды: аяқ киімнің астынғы жағынан өсімдік тектес көгілдір пакет табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат “гашиш” есірткісі болып табылады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-тармағы бойынша қылмыс негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жазаның сөзсіз болу принципі: досына көмектесу үшін заңды айналып өтпек болған ер адам жақын арада сотқа орындығына отырады”, – деді, Алматы қалалық ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетов.