Есірткі тасымалымен айналысқан шетел азаматы ұсталды

Zakon.kz
Zakon.kz
Ауыр жаза тағайындалуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көлік полицейлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған Хорватия азаматын анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның көлік полицейлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Алматы – Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті пойыз жолаушыларының біріне белгі берді.

Күдікті Хорватия Республикасының 61 жастағы азаматы болып шықты.

Ұсталған азаматтан есірткі заттары табылып, тәркіленді. Шетелдік есірткіні жеке басының қолданысына сатып алғанын және өзі үшін сақтағанын түсіндірді.

- Аталған факті бойынша шетел азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігі (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.

Оқи отырыңыз: Есірткіге қарсы күрес қалай жүзеге асып жатыр: 22 қыркүйек болған маңызды оқиғалар

Новости партнеров