Нұр-Сұлтанда теракт ұйымдастырмақ болған күдікті қолға түсті
Фото : Пресс-служба КНБ РК
Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2020 жылдың 25 наурызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушысын ұстады деп хабарлайды kaz.nur.kz.
Ол "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды.
Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеу жалғасуда.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Терезедегі қауіпсіздік: ата-аналар назар аударуы тиіс бес жайт
04.11.2026 10:58